Басты бетМедицинаҚазақстан AstraZeneca...

Қазақстан AstraZeneca фармацевтика компаниясымен меморандумға қол қойды

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Уағдаластыққа сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының  сегізінші пленарлық отырысында қол жеткізілді.

Шара қорытындысы бойынша 8-ші үкіметаралық комиссиясының отырысының хаттамасы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен ірі британиялық Astra Zeneca фармацевтика компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум респираторлық, онкологиялық және жаңа технологияларды енгізу арқылы басқа да ауруларды емдеу бойынша өзара іс-қимылдың одан әрі даму мүмкіндіктеріне жол ашады, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, AstraZeneca – коронавирусқа қарсы вакцина өндірушілердің бірі.