Тоқтар Жақаштың жазбасымен оның әлеуметтік желідегі Facebook-парақшасында таныса аласыздар.
Блогердің айыптауына Жанболат Мамайдың көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы «кредиттік амнистия» жарияланды деп айтқаны түрткі болды.
Жанболат Мамай халықты надан көреді ме, әлде өзі надан ба, біртүрлі өзі! Демікпесі бар демпартияның алаяқ көсемі Мамай тағы да елді алдап, ұпай жинамақ болып отыр. Олай болмағанда, басқа не енді?! Мәселе былай ғой. Мамай жағдайы төмен ипотекалық қарыз алушыларға арналған қайта қаржыландыру бағдарламасын жерден жеті қоян тапқандай «кредиттік амнистия» жарияланды деп өзінің жалаң ұранға арналған парақшаларында,уатсап желісінде «сүйініші» сұрапты. Бұл, қай сасқаны?!, – деп бастады Тоқтар Жақаш.
Блогердің сөзінше, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бастамасы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға қарызын қайта қаржыландыру үшін жеңілдіктерді көздейді екен. Яғни, бұл қарызды кешіру емес.
Сонда Мамай кімді алдап, абырой таппақшы?, – деп аудиториядан сұрағандай болды посттың авторы.
Жанболат Мамай алаяқ қана емес, ХАЙПЕР АЛАЯҚ. Бұл әу бастан-ақ белгілі болатын. Жел қайда соқса, қаңбақ құсап домалап сонда барады. Сөйтіп өзім осында бұрыннан жүрмін, осы тақырыпты мен көтердім, мен қырып-жойып жатырмын деп әркімнің аяғына бір оратылып шыр көбелек домалайды. Осы жолы Мамай тағы да өзінің сауатсыздығын көрсетті. Ресми хабарламаны дұрыс түсіне алмаса, өзгеге не түсіндірмек? Халықты өзі сияқты надан, сауатсыз көргені ме?! Бірақ, пенде өзі қандай болса, өзгені де солай көреді деген бар. Ол бұрмалаған ақпарат өсек-аяң ғана. Жалпы, ХАЙПтың АЙЫП жағы да болады. Қазір, түлкінің айласына көшіп хайп қуғандарға қазақтың көкжалдай нар жігіттерінің азуы қайраулы екенін білген абзал. Әйтпесе, ақшаның соңынан қуып ақылымнан алжастым, хайпер едім, айыпкер болдым деп кешірім сұрап отырмасына кім кепіл, – деп тағы шүйлікті Тоқтар Жақаш.
Әрі қарай блогер, «ақпарат кеңістігінде әлдекімдердің тапсырысымен қалтасын қампитып жүрген “заманауи қарақшы» ісіне халық сарапшы екенін ұмытпа!», – деп Жанболат Мамайға ескерту жасады.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ресми ақпаратымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.fingramota.kz/…/kasatelno-publikacii…