Журналистер Бағдат Мусиннен брифингіден кейін жақында мамандандырылған ХҚО-на жасаған сапарының нәтижелерімен бөлісуді сұрады.
ХҚО-да барып жүргізуші куәлігін алу процесінде заң бұзушылықтарға тап болдым. «Азаматтарға арналған үкімет» ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері түсірген видео заң бұзушылықтарды алдын алуға нақты негіз болды. Қазір мемлекеттік корпорация қызметкерлері еліміз бойынша осындай деректерді анықтап жатыр. Материалдар одан әрі талқылау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі, — деді Бағдат Мусин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеода министр ешкім танымас үшін көзілдірік киіп, экспериментке қатысушы құпия сатып алушымен бірге таңғы сағат 10 шамасында арнайы ХҚО-на кіріп, жүргізуші куәлігін алуға келіскен. Олар бірігіп қажетті адамды тауып, оған құжаттарын, қолхат беріп, практикалық және теориялық емтихандарды тапсырмай-ақ дайын жүргізуші куәлігін алды.
Арнайы ХҚО-да жүргізуші куәлігін теориялық және практикалық емтихандарды өтпей-ақ алуға болады деген шағымдар көп. Мен мұның шын мәнінде, қалай болатынын өз көзіммен көргім келді. Негізінде, барлығы тәртіп бойынша болды. Кірдік, құжаттарды тапсырдық, тіркеу нөмір, түбіртектер, ЖСН бар, содан кейін база арқылы мұның қалай жасалатынын көреміз, — деді Бағдат Мусин.
Бұған дейін Бағдат Мусин қарапайым клиент ретінде Нұр-Сұлтандағы ХҚО-лардың біріне барып, мекеме жұмысының кемшіліктері мен оларды жою үшін қабылдауға шешім қабылданған шаралар туралы айтқан еді.