Елімізде эко-кәсіпкерлерді дайындайтын жоба басталды

Бүгін Қазақстанда эко-кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін EcoBusinessLab жобасы басталды.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілігін және ластанудың алдын алу және бақылау бойынша шаралар қабылдауды көздейтін Экологиялық кодексе сүйене отырып, эко-skills дағдылары бар кәсіпкерлерді өсіру.

EcoBusinessLab – инновациялық зертхана, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарды әлеуметтік қолдау моделі, ол қысқа мерзім ішінде инновациялық тәсілмен эко-кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Кәсіби курстардың инновациялық құрамдас бөлігі – эко-skills жасыл технологияларды қолдану, бұл кәсіпкерлерге экологияны ескере отырып, бизнесті жүргізу негіздерін игеруге мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін республика бойынша шамамен 200 өтініш түсті. Оның ішінде 40-қа жуық қатысушы іріктеліп алынды. Енді бүгін олар экологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алуды бастады.

Жобаның таныстырылымын өткізуге «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» өздерінің алаңын ұсынды. Осы ретте орталықтың басқарма төрағасы Лима Диас өзі басқарып отырған қоғамның негізгі міндетіне тоқталды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының негізгі қызметі — ҮЕҰ-дың мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарын беру және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Яғни Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен конкурстық негізде гранттар беріледі. Келесі жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға да беруді жоспарлап отырмыз. Біздің менеджерлер жеңімпаздарға басынан аяғына дейін қолдау көрсетіп, жобасын жүзеге асыруға бірге күш салады. Осы жылы 51 гранттық жобаны жүзеге асырады, — деді Лима Диас.

Сонымен бірге EcoBusinessLab жобасының авторы Захира Бегалиева курстың мәні туралы айтып берді.

Көпшілік EcoBusinessLab-тың не екенін сұрап жатыр. Бұл – эко-кәсіпкерлерді дайындайтын инновациялық зертхана. Жоба қатысушылары жасыл технологияларды қолдана отырып өз бизнестерін бастауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ олар бірегей дизайын саласы бойынша сараптама алады. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жобаларды жүзеге асырған болатынбыз. Олар заманауи Digital сала бойынша білімдерін жетілдірді. Кейін EcoBusinessLab жобасы ойға келіп, оның аясында эко-кәсіпкерлікті дамытуға болатынын түсіндік. Курсқа қатысуға шамамен 200-ге жуық өтініш түсті. Олардың ішінен 40 адам іріктеліп алынды, — дейді жоба жетекшісі.

EcoBusinessLab курсына қатысу тегін. Қатысушылардың жас шамасы 20-40 жас.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

10 АЕК. Үй жануарларын ұстау туралы ережені бұзғандар қалай жазаланады?

Экология және табиғат ресурстары министрлігі ит пен мысық иесі жаңа ережені бұзса, қалай жазаланатынын хабарлады. Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы...

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Қазақстан халқы ассамблеясының XXХІI сессиясы 26-27 сәуірде өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан құрамасы футболдан Данияны жеңді

Қазақстанның футболдан құрама командасы Дания командасын Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде жеңді.