Басты бетБілімҚазақстанда 19...

Қазақстанда 19 диссертациялық кеңестің қызметі тоқтады

Жоғары оқу орындарының 19 диссертациялық кеңесі белгіленген талаптарды сақтамағандықтан, 2021 жылы өз қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта университеттерде тағы 13 диссертациялық кеңес жабылу алдында тұр.

Қыркүйекте Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті диссертациялық кеңестердің жұмысына осы жылдың наурыз айында бекітілген жаңа формат бойынша талдау жүргізді.

Тексеру барысында кейбір жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестері жұмысты ұйымдастыру кезінде бұзушылықтарға жол беретіні анықталды.

Кеңестер құрылған докторантураның кейбір білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтпеген. Бірқатар университетте кеңестің тұрақты құрамы бекітілмеген әрі кеңес құрамында 50% уақытша мүшелердің болуы жөніндегі талаптар сақталмаған. Бірқатар диссертациялық кеңесте ресми рецензенттердің, диссертациялық кеңес мүшелерінің ғылыми жұмысты бағалауы формалды сипатқа ие және жұмыс мазмұнына егжей-тегжейлі талдау жүргізілмейді, – деп атап өтті білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.