«Узкомназорат» басшысы Голибшер Зияев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Республикадағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталғаннан бірнеше сағат өткен соң, «қате және келісілмеген әрекеті үшін» қызметінен босатылды.
Шавкат Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді «біржақты және ойластырылмаған» деп атады.
Жақын арада барлық әлеуметтік желіге қолжетімділік қалпына келеді деп ойлаймын, – деді президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Еске салайық, кеше Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция («Узкомназорат») тізілімінде Telegram, Facebook, Одноклассники, YouTube және басқа сайттарға кіруді шектеу туралы белгілер жойылған.