Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы:...

Мемлекет басшысы: Бізде моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным жоқ

Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 проценті – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 процентке жуығын өндіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ, – деді президент.