Басты бетЖаңалықтарСот орындаушысын ұрған алматылық жазаланған жоқ

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазаланған жоқ

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жақында тұрғын үйді бұзуға келген сот орындаушысын ұрған Мақсат Ысқақовқа қатысты «Сот орындаушыларының қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысы туралы жария етті.

Тергеу барысында сот орындаушысының шабуыл жасауға өзі итермелегені анықталды. Қолда бар видеоны зерттеп, қылмыстық іс материалдарына қостық, – деді Алматы Полиция департаменті.

Полицейлер аталған мән-жайға байланысты қылмыс құрамының, яғни сот орындаушысының әрекетіне кедергілердің жоқтығын айтты.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Сот орындаушылар палатасы ер адам полицейлердің көзінше қызметкерді ұрып-соққанын хабарлады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да