Басты бетЖаңалықтарЕрлан Тұрғымбаев...

Ерлан Тұрғымбаев елімізде төрт жаңа колония салынатынын айтты

Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа колониялар салу бойынша үлкен жоба дайындап жатырмыз. Үш жыл ішінде біз үш облыста бір жарым мың орындық жаңа типтегі төрт колония салуды жоспарлап отырмыз, − деді министр.

Оның айтуынша, жаңа колонияларда жұртшылық пен халықаралық ұйымдар талап ететін барлық нормалар сақталатын болады.

Бұған дейін министр Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам қамауда отырғанын, оның ішінде 30 мың сотталушыға үкім шығарылғанын, 4 мыңы қамауға алынып, тергеу жүріп жатқанын айтқан. Оның 93 проценті ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, 45 процентке жуығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.