Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда мүгедектікті...

Қазақстанда мүгедектікті растау процесі жеңілдеді

Бүгінде аталған жаңашылдық кейбір өңірлерде қанатқақты жоба ретінде жүзеге асып жатыр.

Президент жүктеген тағы бір міндет –  елімізде мүгедектікті растау процесін жеңілдету. Өйткені, мүгедек жандар жыл сайын арнайы комиссиядан өтеді. Дәрігерлердің тексеруі бар, ондағы кезек мұның бәрі ұзаққа созылатын процесс. Мемлекет басшысы осыны қысқартып, жүйелеуді талап етті. Аталған тапсырма ақпан айында беріліп, құзырлы органдар дереу іске көшті. 1 қазаннан бастап Президенттің бұл тапсырмасы еліміздің кей өңірлерінде қанатқақты жоба ретінде жүріп жатыр. Ал толықтай келесі жылдың қаңтарынан бастап іске қосылады, − деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қариннің айтуынша, мүгедектікті растау процесін жеңілдету үшін бірнеше мемлекеттік органдардың қызметі біріктірілді.

Осылайша мемлекет басшысы міндеттеген жүк, бір жылға жетпейтін уақыттың ішінде жүзеге асып жатыр. Әрине, айтуға оңай, ал іс жүзінде бұл уақытты талап ететін жұмыс. Дегенмен тапсырма берілді, демек ол орындалуға тиіс. Яғни азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, істі автоматтандыруымыз керек, − дейді ол.