Алматыдағы атыс: сот банк талаптарын қанағаттандырудан бас тартты

Оған жер телімі бар тұрғын емес үй-жай тиесілі. Биыл 30 сәуірінде банк бұл нысанға меншік құқығын тіркегені айтылды.

Демирчян іс жүзінде және заңды түрде даулы мүлік иесі болмаса да, оған талап қойылған. Сонымен қатар Демирчян банкке меншік иесі ретінде тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға кедергі келтіретіні туралы сотқа ешқандай дәлел келтірілмеген, – деді аудандық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот мүлікті төрт жеке тұлға жалға алғанын анықтады. Бұрынғы иесі Демирчян мүлікті үшінші тұлғаларға жалға бергені айтылды.

Сонымен қатар жалға беру шарттары банк тарапынан дауланбады, олар Демирчянмен банк меншік құқығын тіркегенге дейін, яғни заңды түрде ұзақ мерзімге, дәлірек айтсақ, 12 айға жасалған. Осыны ескере отырып, шешім қабылдау кезінде сот талапкер дұрыс емес жолды таңдаған деген қорытындыға келді. Шағым қабылданбады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар шағым жасай алады, – деп қорытындылады сот.

Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17:20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.