«Coca-Cola компаниясы Нобель Фесттің стратегиялық серіктесі болу туралы шешім қабылдады, өйткені біздің ойымызша, бұл — университет студенттеріне дүниетанымын кеңейтуге, Нобель сыйлығының лауреаттарымен сөйлесуге, бірегей білім алуға және болашақта көшбасшылық мотивацияға мүмкіндік беретін ерекше, заманауи және қол жетімді платформа. Біздің компанияның қолдауының арқасында Нобель фестивалі Өзбекстан мен Әзірбайжан кеңістігіне де енді», — деп түсіндірді Coca-Cola компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Александра Аккирман.
Nobel Fest Нұр-Сұлтан, Ташкент және Баку қалаларындағы студиялардан тікелей көрсетілді және әлемнің жүз елінен 100 мыңнан астам онлайн-көрерменді, оның ішінде 300-ден астам университеттің студенттерін қамтыды.
Қазан фестивалінің бағдарламасында белгіленген барлық тақырып, яғни инновациялар, жасыл экономика, инклюзивтілік және білім беру — мұның бәрі тұрақты даму саласындағы Coca-Cola басымдықтарымен тығыз байланысты. Үшінші Nobel Fest-ке Coca-Cola компаниясының спикерлері де қатысты, олар өз тәжірибелерін, жағдай туралы пайымын бөлісті.
Coca-Cola компаниясының Кавказ және Орталық Азия өңіріндегі бас директоры Бану Каракуллукчу Нобель сыйлығының лауреаты йемендік журналист Таваккуль Карманмен бірге әйелдер көшбасшылығы туралы пікірталас панелінде сөз сөйледі және компания құрған әйелдердің экономикалық көшбасшылық мүмкіндіктері туралы айтты.
«Қазіргі уақытта біз әлемнің 100 елінде 300-ге жуық білім беру жоспарының жобаларын қолдаймыз. 2022 жылы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі «Coca-Cola Белестері» атты табысты жобамыздың 10 жылдығын атап өтеміз. Бұл бағдарламаның арқасында 50 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздері туралы білім алып, жүзге жуық әйел 300-ге жуық жұмыс орнын құрып, өз ісін ашты және дамытып жатыр. Біз сондай-ақ компания ішіндегі әйелдерді қолдау үшін көп жұмыс жасаймыз. Қазір қызметкерлеріміздің 46%-ы — әйелдер, ал Орталық Азияда олардың 50%-дан астамы көшбасшы орындарды алып отыр», — дейді компания өкілі.
Климаттың өзгеруін өзгерте аламыз ба және Coca-Cola компаниясы бұл тұрғыда не істеп жатыр деген сұраққа Кавказ және Орталық Азия өңіріндегі Корпоративтік байланыстар мен коммуникациялар жөніндегі директор Эльшад Фарзалиев өз сөзінде жауап берді. Ол климаттың өзгеруі бірінші жылдан бері көмірқышқыл газының шығарылуын азайту бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқан компания үшін басым мәселе болып табылатынын атап өтті. 2020 жылдың соңына қарай компания көмірқышқыл газы шығарындыларын 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда жаһандық ауқымда 25%-ға қысқартуға қол жеткізді.
Coca-Cola-ның экологиялық мәселелерді шешуге деген көзқарасы үш қағидатқа негізделген: бизнестің климатқа әсерін азайту, климат өзгеруінің бизнеске тигізетін қауіптері мен салдарын басқару және экологиялық мәселелермен күресуге қосқан үлесін арттыру үшін серіктестікті дамыту. Осылайша, Орталық Азия елдеріндегі БҰҰ Даму Бағдарламасымен көпжылдық серіктестік компанияға су ресурстарын сақтау мен толықтырудың тиімді бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Coca-Cola бренді 135 жаста, алайд ол жастар бренді ретінде қабылданады және солай болып қала береді, сондықтан білім беру және жастарды дамыту бағдарламалары компанияның тұрақты даму стратегиясында маңызды орындардың бірін алады.
Өткен жылы пандемия кезінде Coca-Cola Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі университеттермен бірге еріктілер жобасын іске қосты. Ол FLOW деп аталады және Future Leaders Online Workshops, яғни болашақ көшбасшыларға арналған онлайн семинарлар дегенді білдіреді. Coca-Cola компаниясының қызметкерлері Қазақстанның, Өзбекстанның және Әзірбайжанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен өздерінің білімдері мен тәжірибелерін бөліседі, студенттік ортадан жұмыс ортасына өтуге дайындалуға көмектеседі, табысты мансап үшін қандай қасиеттер мен дағдылар қажет болатынын, жұмыс орындарында қандай түрлі міндеттерді шешуге болатындығын түсінеді. Бұл — шағын таныстырылымы және сұрақ-жауап сессиясы бар бейресми онлайн кездесулер.
Александра Аккирманның айтуынша, Нобель фестивалінің демеушілігі FLOW жобасымен үйлесімді байланысқа түсті: «Фестивальге қатысуға біз жұмыс істейтін университеттер шақырылды және фестиваль ұйымдастырушыларымен бірге осы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндігі туралы көптеген идеялар пайда болды».
Әсіресе, жастардың планетаның жаһандық әлеуметтік және экологиялық проблемаларынан тыс қалмайтыны және түрлі жобаларға белсенді қатысатыны қуантады. Мысалы, бұл «321Старт!» жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы өңірінің өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектескісі келетін 18-35 жастағы жастарға өз бизнесін, әсіресе, әлеуметтік және экологиялық кәсіпкерлік саласында бизнес құру идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Жоба Қазақстанда 6 жылдан бері ұйымдастырылып келеді, ал осы жылы Қырғызстанда да өткізіле бастады. 2021 жылғы 1 қазанда жобаның жаңа кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды. Толық ақпаратты 321start.kz және 321start.kg сайтынан алуға болады.