Басты бетСпортБокстан ӘЧ:...

Бокстан ӘЧ: Қазақстандық спортшылардың ширек финалдағы қарсыластары кімдер?

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы біріншілікте спортшылар 13 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Қазақстан құрамасы аталған дүниежүзілік біріншілікке толық құраммен қатысып жатыр. Нәтижесінде, он спортшы ширек финалға дейін жетсе, өкінішке қарай, қалған үшеуі жарысты ерте аяқтады, — делінген хабарламада.

Бокс ережесіне сәйкес, бүгінгі жекпе-жекте жеңімпаз атанғандар автоматты түрде әлем чемпионатының жүлдегері атанады. Жартылай финалдық жолдаманы алған спортшы қола жүлдені де иеленеді.

Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Белград шаршы алаңына әлемнің 88 елінен барлығы 510 былғары қолғап шебері шықты. Ал 42 елден 104 боксшы жарысты әрі қарай жалғастырып, бүгін басталатын 1/4 финалына қатысады.

Ширек финалға шыққан қазақстандық спортшылар мен қарсыластарының тізімі:

  • 48 келі: Теміртас Жүсіпов/Нодиржон Мырзахмедов (Өзбекстан);
  • 51 келі: Сәкен Бибосынов/Юбергуен Мартинез (Колумбия);
  • 54 келі: Махмұд Сабырхан/Майкл Тринидад (Колумбия);
  • 57 келі: Серік Теміржанов/Эдуард Савин (Ресей);
  • 60 келі: Саматәлі Төлтаев/Софьян Умиа (Франция);
  • 63,5 келі: Санатәлі Төлтаев/Риз Линч (Шотландия);
  • 67 келі: Абылайхан Жүсіпов/Чинзоринг Баттарсухийн (Моңғолия);
  • 71 келі: Асланбек Шымбергенов/Юрий Захареев (Украина);
  • 75 келі: Нұрқанат Райыс/Сальваторе Кавалларо (Италия);
  • 80 келі: Нұрбек Оралбай/ Владимир Мирончиков (Сербия).
Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Әлем чемпионатының күндізгі сессиясы астана уақытымен сағат 18.00-де басталады. Күндізгі кезеңде Қазақстан сапынан Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс және Саматәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі сессия астана уақытымен сағат 23.00-ге жоспарланған. Кешкі сессияда отандастарымыз Санатәлі Төлтаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайға жанкүйер болады.