Кейінгі кезде кей өңірлерінде екпе егу қарқыны бәсеңдегенін айтты. Бұл эпидемиялық жағдайдың біртіндеп жақсаруына байланысты. Десе де арқаны кеңге салуға әлі де ерте. Енді екпеге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейе түспек, деп жауап берді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға.
Үкімет басшысының орынбасары вакциналау кезеңінде басымдық беретін тізімді атады. Ол қатарда 12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер мен емізулі сәбиі бар аналар бар. Бұл санаттағыларға арналған методикалық нұсқаулық әзірленген. Мамандар да онымен танысып, оқыту курсынан өтіп жатыр. Медициналық ұйымдардың да дайындығы күшейді. Екпені сақтау үшін арнайы тоңазытқыштар да сатып алынды.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, қазір АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Бельгия, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктерінде балалар мен жүкті әйелдерге, аналарға осы Pfizer екпесі салынып жатыр.
Вакцина өндірісі шектеулі болғандықтан шығарушы елдің үкіметімен келіссөз жүргізу керек. Сондықтан жеке емханалардың сатып алуына әзірге мүмкіндік жоқ. Жалпы елде тіркелген алты екпенің үшеуі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мойындалған.
Қазіргі уақытта халыққа Спутник V, QazVac и Sinopharm екпелері салынуда. Қараша айында Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы елге жеткізеді. Елде екпе салынуы тиіс тұрғындардың тізім кеңейтілген еді. Яғни ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60 проценті, дәлірек айтсақ 11 миллион 390 мың адамға вакцина салу қажет екен.