Қарағандылық кәсіпорын директорына оқ атты

Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жасағы шықты. Онда ЖШС-нің бірінің 30 жастағы директоры бір кісімен арада жанжал шыққанын айтты. Ерегіс барысында қаскүнем «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атты.

Оқ жарақатын алған ер адам медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқан жоқ. Полицейлер 29 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша алынды, – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен («Қаруды заңсыз сақтау немесе ұстау») қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.