Қойшы бала Айдос

«Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді» деп ауылда ән шырқаған қойшы бала бір-ақ күнде танымал болды. 9-класс оқушысының есімі — Айдос. Бұған дейін Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында мал бағатын. Әлеуметтік желіде де белсенді емес еді. Дегенмен бір күні ән орындаған бір видеосының желіде тарауының арқасында өмірі түбегейлі өзгерді.

Мал қайтарып, үйге қайтқанымда көрші Күлпәш апа асқа шақырды. Сол кезде дастарханда ауылдасым Айдана Қанатқызы менің ән айтқанымды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Сол видеодан кейін танымал болып кеттім, — деді Айдос Қызықтаймс бағдарламасына берген сұхбатында.

Бірнеше продюсер бала талантын байқап, ата-анасына хабарласып, бірге жұмыс істеуге ұсыныс білдіріпті. Айдос және ата-анасы олардың ішінен ауылдасы, әнші Жігер Ауыпбаевты таңдаған екен.  Қазір қойшы бала Алматыға қоныс аударып, мектебін ауыстырып, әнші Жігермен шығармашылық байланыста.

Негізі актер болғым келеді. Мектепті бітіріп, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түскім келді. Дегенмен қазіргі өмірім әншілікпен басталып отыр, — дейді Айдос Кәденұлы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айдос Каден (@koishy__bala)

Жылқышы қыз Асыл

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Озерный ауылының 25 жастағы тұрғыны Асыл Ахметова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оны 300-ден астам жылқыны бір өзі бағатын жылқышы қыз ретінде таниды.

Асыл аттың үстіне емін-еркін шабады, бәйгеге қатысады, қазақ халқы әндерін айтады. Tiktok және Instagram парақшасында ол қар тазалау, шөп жинау, шанамен су тасу, үйірді қарау, бие сауу сияқты ауылдағы тыныс-тіршілікті бөліседі. Видеосын көрген көрермендер ауылын сағынып жатады екен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASSYL AKHMETOVA (@assylym21)

Шопан бала

Осыдан бір жыл бұрын Baribar.kz Қазақстандағы ең танымал тиктокерлер туралы жазған еді. Солардың арасында жамбылдық 15 жасар шопан бала да бар. Ол Геракл атты тұлпарына мініп, жанына итін серік етіп, өрістегі малын бағады. Шопан бала өз оқырмандарына сол күнделікті тіршілігін қызық етіп сипаттайды. Сонымен бірге қолданушыларға қазақ тілін үйрететіні де бар. Бүгінде жасөспірімнің видеоларының қаралымы 50 миллионнан асты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Avdi_Senpai (@avdi_senpai_i)

Ауыл вайнері Жандос

Ауыл вайнері Жандос Бақыттың 174 мың оқырманы бар. Ол өз парақшасында ауылдағы өмірін баяндап қана қоймай, пайдалы іспен айналысуға тырысады. Мәселен, 1 минут ішінде сиыр саууды, мал бағуды үйретеді. Сонымен бірге балалар үйіндегі кішкентайларға көмек береді. Тіпті елдегі әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Мысалы, жақында колледждерді оқу ақысының қымбаттауы, қуаңшылық мәселесін көтерген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АУЫЛ ВАЙНЕРІ (@auil_vainery)