Байзақ ауданындағы барлық үй қалпына келді

Ауыл тұрғындары құрылыс жұмыстарының сапалы орындалғанын атап өтті.

Барлық үйлер электр энергиясымен, табиғи газбен, ауызсумен қамтамасыз етілген. Зардап шеккен нысандарды тез және сапалы қалпына келтіру үшін құрылысшылар үздіксіз жұмыс істеді. Үйлерді салу кезінде бірыңғай сәулет стилі сақталған.

Төтенше жағдайдың салдарынан біздің үй қатты бұзылды. Жарылыстан кейін көп ұзамай құрылысшылар келіп, қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Тіпті сарай да ретке келтірілді. Шынымды айтсам, қуанышта шек жоқ. Ел басшылығына, облыс басшылығына қиын сәттерде қолдау көрсеткені үшін көмектескен барлық жанашыр қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз, – деді Раушан Мамытбекова.

Байзақ ауданы. Жарылыс
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындар атынан Олжас Райымбеков пен Қосбек Серкебаев та алғыстарын білдірді.

Біздің ауылда түбегейлі өзгерістер болды. Электр желілері жаңартылды, барлық көшелерде жарықтандыру жүргізілді. Қазір барлық көшелер асфальтталған. Бір сөзбен айтқанда, біз бәріне ризамыз, – деді Әбдіғаппар Сүйіндік.

Өңір басшысы басты міндет — қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың тұрмысын жақсарту екенін атап өтті.

Байзақ ауданы. Жарылыс
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары дереу басталып, бір минутқа да тоқтаған жоқ. Көріп отырғанымыздай, ауыл жаңа келбетке ие болды. Тұрғындар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің негізгі міндеті. Бірлігіміздің, еңбексүйгіштігіміздің, мақсаткерлігіміздің арқасында біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткіземіз деп сенемін, – деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан мердігер компанияларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдің айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес отбасыларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Ол халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қала тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ауыл халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Байзақ ауданы. Жарылыс
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік көмек ретінде әрбір отбасы 300 мың теңгеден алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер әр отбасына 200 мың теңгеден бөлді. Бұдан басқа, «Сенім Байзақ» қорына түскен қаражат есебінен шаруашылық құрылыстары қалпына келтірілді. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Жібек жолы ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты. Мердігер мекеме – «Сырым Белеке» ЖШС. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталды. Нысанды келесі жылдың қаңтар айында тапсыру жоспарлануда.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Төтенше жағдай салдарынан 176 нысан зардап шекті, 168 нысан толық қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда 12 бизнес нысанның 5-і жөнделді. 7 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.