Былтыр басталған жоба жыл соңына дейін аяқталады. Қазір жұмыстың 80 проценті атқарылды. Қысы жазы жел тоқтаусыз соғатын Жалғызтөбе жеріне жалпы саны 17 турбина орнатылмақ. Станса қуаты бүтіндей бір ауданды тоқпен қамтуға қауқарлы.
Әзірге мамандар өндірілген энергияны орталықтандырылған электр жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Ұлттық жоба аясында атқарылып отырған ірі құрылыс нәтижесінде энергия тапшылығы азайып, оны өндіруде де шығын қысқармақ. Оның экономикалық және экологиялық тиімділігі өте жоғары.
Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан нысан іске қосылғанда 70 тен астам адам жұмыспен қамтылмақ.