Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов Алматының «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеніне жеті күн болды. Осыған орай, карантин шектеулері жеңілдейтінін айтты. Барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 20 қазандағы қаулысына сәйкес, Алматы кәсіпкерлері келесі ережелер бойынша жұмыс істей алады:
Мейрамханалар, кафелер мен кофеханалар 50 пайызға дейін толтырылған кезде 60 орыннан аспауы керек, қоғамдық тамақтану орындары – 20 процентке дейін толтырыла алады, бірақ 30 орыннан аспауы керек, еске алу шараларына арналған банкет залдары – 30 пайызға толтырыла алады, бірақ 50 адамнан аспауы керек, – делінген хабарламада.
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.
Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзне және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды, − делінген құжатта.
Еске салайық, Алматы 25 қазанда «сары» аймаққа өткен еді.