Қазір Pfizer екпесін елге жеткізу мәселесі реттелуде. Вакцинациялау кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Алдымен 16-18 жастағы жасөспірімдерге салынады. Кейін одан төмен жастағы балаларға егу жоспарланған. Екпе салдырмас бұрын ең әуелі ата-аналардың жазбаша түрде рұқсаты керек. Тек содан кейін ғана балалар дәрігердің қабылдауынан өтеді. Денсаулығында қарсы көрсетілім болмаса екпе салынады. Балаларға бектіліген сұйықтық мөлшері – 0.3 мл. Мамандардың сөзінше бір флакон 6 балаға салуға жетеді. Сондай-ақ жүктілік мерзімі он алты аптадан асқан болашақ аналар мен емізулі сәби бар аналардың екпе салдыруына мүмкіндік бар.
Осыған байланысты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы инфекциялық ауруларды болдырмау департаментінің директоры Жұмабек Бекенов екпе егу ерікті түрде жүргізілетінін айтты.
Мен де ата-анамын біріншіден. Екіншіден дәрігер. Сіз мына аурудың өте қатаң өтетінін қараңыз. 12:17 Вакцинадан ондай реакция болмайды. Тері қызарады. Сіз соған шыдасаңыз. Балаңыздың қиналған түрін көрмейсіз. Балаңыздың денсаулығы сіздің денсаулығыңыз. Оған қарсы тұрмасаңыз біз ауруды жеңе алмаймыз, деді Жұмабек Бекенов.