ІІМ: Қазақстан тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында Questra World қаржы пирамидасын құрғаны және оның құрамына қазақстандықтарды тартқаны анықталды, — деді Нұрділдә Ораз онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, пирамида басшылары салынған ақшадан 366 процентке дейін табыс табуға болатынына кепілдік берген. Ал салымшыларға виртуалды валюта арқылы құны 90-500 мың еуро тұратын ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынып отырды. Бірақ қаражатты айналымға жіберген жоқ.

Бір қатысушыларды жаңадан кірген салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, қаржыны өзара бөлісіп отырған. Қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматы тартылған. Ал материалдық шығын сомасы 1 миллиард теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, соның ішінде бұрын Беларусь елінен экстрадицияланған Ресей азаматы жауапқа тартылды, — деді Нұрділдә Ораз.