Басты бетЖаңалықтарШымкент қаласында...

Шымкент қаласында әлеуметтік қоғамдық көлік қатынайды

Қала әкімі Ғабидулла Әбдіраxымов С.Ерубаев атындағы 24 мектепте өткен Еңбекші ауданының әкімнің жылдық есебіне қатысты. Өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді айқындаған жиынға шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

Кездесуде аудан басшысы Ғалымжан Ильясовтың жүзеге асқан жобалар мен оң өзгерістерге тоқталып, жоспарларымен бөлісті. Білімді ұрпақ-ұлт болашағы екендігіне тоқталған аудан басшысы Есепті кезеңде 320 орындық 1 мемлекеттік және 446 орындық 4 жекеменшік балабақшалар ашылып, бірқатар бөбекжайлар мен мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілгендігін айтып өтті. Жиында әкім баяндамасынан соң сұрақ-жауапқа кезек беріліп, тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін айтты. Бірқатар азаматтар атқарылып жатқан игі істерге, ел үшін еңбек етіп жатқан аудан, қала басшыларына алғысын білдірді.

Қаладағы қоғамдық көлік қызметі мен оның сапасы туралы айтылған тұрғындар өтінішіне қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов осы жаз айында қосымша 240 автобус алынып, жолаушылар үшін қызмет ететіндігін жеткізді. Шаһар басшысы өз сөзінде алдағы уақытта қалаға қосылған 40 елді мекенге 10 бағытта әлеуметтік қоғамдық көлік қызметі жолға қойылып, жаңа 100 автобус алынатындығын айтты.