28 қазан күні 3 211 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 305, II компонентін – 1 906 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы орында тұр. Биыл 1 ақпан мен 28 қазан аралығында қалада 993 509 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 936 542 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 464 адамның жасы 60-тан асқан, – деп хабарлады басқармадан.
Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.
Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді, – деп нақтылады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.