Сот Томирис Байсафаның өліміне қатысты үкімнің күшін жойды

Маусым айында Никулин аудандық сотының алқабилері Дағыстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасарының ұлын кінәсіз деп тапты. Заңгер Шамиль Яндарбаев істі қайтадан қарау үшін сот талқысына жолданатынын айтты.

Муртазали Мәжидов ақталғанға дейін қамауда болды. Сот шешімі шыққан күні ол босатылды. Әзірге, бұлтартпау шарасын қайта тағайындау мәселесі шешілген жоқ, – деді адвокат БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Еске салайық, 2018 жылғы 13 сәуірде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде ЖОО-ның төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Қыздың бірнеше дене мүшесі сынып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды. Қызды өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Муртузали Меджидовтың ұлы ұсталған.