Америкалық Google компаниясы кәмелетке толмағандардың фотосуреттерін іздеу нәтижелерінен жоюды сұрауға рұқсат берді.
18 жасқа дейінгі кез келген адам, сонымен бірге олардың ата-анасы немесе қамқоршысы енді іздеу нәтижелерінен фотосуреттерді жоюды сұрай алады, – делінген Google блогында.
Хабарламада жойылған фотоматериалдар «суреттер» бөлімінен жойылады, бірақ олар ғаламтордан толығымен жойылатынына кепілдік берілмейді делінген.