2018-2020 жылдары аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Үйдегі дәрігер» 30 нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылды және 260 мыңнан астам тұрғынды қамтиды. Ал алтауы қаланың шеткері аймақтарында орналасқан. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған, − деді Әлия Рүстемова қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.
Әлия Рүстемованың айтуынша, жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады.
«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-нің 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14 400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық − Сауран көшесі 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады, − деп нақтылады ол.