Алматы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен елден Тәжікстанның 37 азаматы қуылды.
Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының консулдығының көмегімен Алматы полиция департаменті құқық бұзушы шетелдіктерді Өзбекстанмен мемлекеттік шекараға дейін жеткізуді ұйымдастырды. Бұл үшін көп орындығы бар автобус бөлінді. Консулдық кейбір адамдарға отанына оралу туралы куәлік берген болатын. Бұл біздің бірінші тәжірибеміз емес, осыдан үш ай бұрын дипломатиялық қызметтермен бірлесіп Өзбекстан Республикасының 20-дан астам азаматын Отанына жеткізу ұйымдастырылған, – деді Алматы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Алматыда осы күндері заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру фактілерін анықтау мақсатында «Келімсек» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Іс-шараның тоғыз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 146 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. 47 шетел азаматы елден шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 355 тұлға жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 28 жұмыс берушіге айыппұл салынды, – деп қорытындылады Асхат Бутунчинов.