Кеше президентке бірнеше IT шешімді, Astana Hub-тың жұмысын, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар жөнінде бірнеше жұмысты таныстырған болатынбыз. Бізде IT индустрия өте қарқынды дамып келеді. Мысалы, мемлекет пен IT қоғамдастықтың арасындағы синэнергия алдыңғы қатарда жүруде және қазіргі кезде жақсы нәтижелерді көріп отырмыз. Оның нәтижесін халықаралық ұйымдардың рейтингісінен байқауға болады. Мысалы, біз БҰҰ-ның рейтингі бойынша 29-орындамыз, ал онлайн қызметтер бойынша 11-орында тұрмыз, — деп айтты министр.
Ведомство басшысы осы қарқынды жоғалтпау керегін айтты.
Кеше президентке 5 минуттың ішінде автотіркелуді көрсеттім. Менің ойымша, барлық мемлекетте мұндай сервисті қолдануға мүмкіндігі бар деп айта алмаймын. Банк қосымшаларына кіріп, 4-5 батырманы басып, қажетті затты алуға болады. Бұл, шын мәнінде, ауқымды жұмыс, — деді Бағдат Мусин форумның ашылуында.