Басты бетБҰҰ: Дүниежүзіндегі...

БҰҰ: Дүниежүзіндегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл — бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш, — деді ол.

Ол қарулы қақтығыстардың күрделенуі мен зорлық-зомбылықтың өсуі адам құқықтарының сақталуына нұқсан келтіретінін атап өтті. Хименес-Дамари көп адам зардап шеккен қақтығыстарды табиғи апаттар мен пандемия күшейтуі мүмкін екенін де айтты.

Қыркүйектің басында Еуропалық Одақ Ауғанстаннан келген босқындарды көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеген еді.