Басты бетҚоғамПенжімдегі жаппай...

Пенжімдегі жаппай төбелесі: жасөспірім ауруханаға түсті

27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскен. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды, — делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, төбелеске 9-сынып пен 10-сыныптарда оқитын екі оқушының арасындағы жанжал себеп болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалдың барлық қатысушысы анықталды.

Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда, — делінген ведомствоның хабарламасында.