Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстанда...

Шығыс Қазақстанда Қатонқарай туристік кешені салынады

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері араб инвесторлармен жасалған келісімдер қандай салаларға әсер етіндігін сұрады.

Электр энергетикасынан басқа ауыл шаруашылығы, фрамацевтика, турзим, көлік және логистика салалары бар. Агроөнеркәсіп кешеніне 50 миллион доллардан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 8 мың тоннадан астам қой еті шығарылатын болады. Бұл келешекте елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы экспортты арттыруға мүмкіндік береді, – деді ведомство басшысы.

Сонымен бірге ол Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарай туристік кешені салынатынын айтты.

Осы жобаға 120 миллион доллар инвестиция тартылады. Фармацевтика бағытында араб компанияларымен ынтымақтастық елімізді қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Көлік және логистика бойынша Қазақстанның көтерме тарату орталықтары желісін дамытуға мүмкіндік береді. Осы инвестициялық жобалар азаматтарымызды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, – деді министр.