Басты бетЖаңалықтарАлматыда комплаенс-қызметтер...

Алматыда комплаенс-қызметтер үшін арнайы курс өткізілді

Осыған орай Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірлесіп квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтерінің қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Семинар барысында спикерлер квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс құру жүйесінің негізгі элементтері мен әдістері туралы, парасаттылық саясатын іске асырудың және ISO 37001 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізудің практикалық тәжірибесі туралы айтты.

Фото: Antikor Almaty баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты тәуелсіз комплаенс бөлімшелерінің тиімді жұмысы компания басшылары үшін басым бағыттардың бірі, − деді Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов.

Қазіргі уақытта Алматы бойынша 67 бірлік комплаенс-офицер енгізілді. Ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жақсарту мақсатында іс-шараны ұйымдастырушылар тұрақты негізде үш күндік курстар өткізеді. Аталған курсқа кез келген жеке компаниялар мен квазимемлекеттік сектор біліктілікті арттыру бойынша оқудан тәжірибе жинай алады.