Ең табысты қазақстандық фильмдер

«28 панфиловшы»

28 панфиловшылар«28 панфиловшы» фильмі бұл өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокаттың көшбасшысы. РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген кинокартина прокаттың стандартты мерзімдерін бұзып, бір ай бойы көрсетілді.

Кассалық түсімдер барлық өнідіріс шығындарын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстандағы кассалық түсім 61, 3 млн. теңге (11,2 млн. рубль) жинаған. Кино қорының хабарлауынша, Ресейдегі кассалық түсім 361 млн. рубльді (1,96 млрд. теңге) құраған. Ендігі қадам халықаралық кинонарыққа шығу, әсіресе Қытай халқы фильмге аса қызығушылық танытып отыр.

«Жұлдыздар тоғысқанда»

Жұлдыздар тоғысқандаРежиссер Сергей Снежкин түсірген «Көшбасшы жолы» — «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін де табысты жобалардың бірі деп атауға болады.

Фильмнің премьералық көрсетілімі Франция, Ресей, Қытай, Грекия және Гонконгта өтті. Телевизиялық прокатпен ресейлік «Дом кино», «Мир 24» арналарында және Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстанды қамтитын «Первый канал. Время» бүкіләлемдік желісінде көрсетілді. Польша, Беларусь, Украина және ТМД елдерінде көрсету жоспарланған.

«Анаға апарар жол»

Анаға апарар жолЖалпыұлттық прокат көшбасшыларының үздік бестігіне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы енді. Фильм прокатта рекордты екі ай жүрді және көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ялтадағы «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің Гран-при иегері атанды. Өткен жылдың қазан айында картина Лос-Анджелесте көрсетіліп, батыс баспасөзі мен жергілікті қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

«Құнанбай»

Құнанбай фильмі

Алғаш рет әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне берілді. Фильм Еуразия халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі деп танылды.

«Аманат»

Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы «Оскар» жүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер тізіміне енді.

«Жаңғақ тал»

Оңтүстік Кореяда 20-шы Пусан халықаралық фестивалінің (2015 ж.) «Жаңа ағым» бөлімінде Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.

ДереккөзInform.kz