Бүгін Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды.
Сырттағы қандастарымыздың ауызбіршілгінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор. Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы — соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Жаңа шетелдегі бауырларымызды тыңдап, ар жақта болса да отанға деген іңкәрлігін сезіп отырмыз. Алдағы уақытта жаңадан құрылып отырған шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының жұмысының ілгерілеуіне бәріміз бірауыздан атсалыссақ деймін. Мысалы, көрші Ресейде қазақша БАҚ-тар өте белсенді жұмыс істейді. Олар жыл сайын Сочи және басқа да қалаларда бас қосып, өзара тәжірибе алмасып жатады. Түрлі форум, жиындар өткізіп тұрады, –деді Нұртөре Жүсіп.
Депутаттың айтуынша, ол жерде қандастарымыз өз мәселелерін ортаға салып, соның шешімін іздейді. Осы бағыттағы жұмысты басқа елдерде де дамыту қажет екенін айтты.