Басты бетҚоғамАстанада "Сергек"...

Астанада «Сергек» камерасы орнатылған бағана әйелдің үстіне құлады

Astanovka98 парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «Сергектің» бағанасы Sunrise тұрғын үй кешенінің жанында құлаған. Зардап шеккен әйел ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оның аяғына гипс салып берді. Қала тұрғыны уақытша жұмысқа шыға алмайтын болды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті осы оқиғаның 23 қазанда болғанын растады. 45 жастағы әйел жолдан өтіп бара жатқанда үстінен бағана құлаған.

Қазіргі кезде Есіл аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе 160 АЕК (466 720 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.