Басты бетҚоғамQazVac вакцинасын...

QazVac вакцинасын шығарушылар мемлекеттік сыйлық алады

Білім және ғылым министрлігі жарлық жобасын дайындады, оған сәйкес әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық екі жұмыс үшін беріледі. Олар:

1. «Розеофунгин-АС» жаңа отандық бірегей дәрілік препаратының өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру» тақырыбындағы жұмысы үшін.

2. «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін.

Ведомствоның түсіндірмесіне сәйкес, 2021 жылға арналған «мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бюджеттік бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың сомасы — 37 200 000 теңге. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады.