Басты бетҚоғамЕлімізде жануарларға...

Елімізде жануарларға қатыгездікпен қарау заңмен реттеледі

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жануарларды қорғауға бағытталған заңды азаматтық сектормен бірлесіп әзірлеуді тапсырған еді.

Заң жобасының мақсаты – жануарларға қарауды құқықтық реттеу және оларға әзгілікті қарау. Заң жобасы азаматтардың адамгершілік тәрбиесінің идеологиясының, атап айтқанда, жануарларды ұстаудың моральдық және адамгершілігінің негізгі принциптерін қалыптастырады. Бұл принциптерді іске асыру үшін талаптар мен қағидаларды белгілеу арқылы осы құқықтық қатынастардың мемлекеттік реттеу механизмдері бекітілді, — деді экология министрі Серікқали Брекешев.

Оның айтуынша, заңда жануарларды асыруға және тасымалдауға, өсіруге және ветеринариялық қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу қарастырылған.

Заң жобасының бабы жануарларды жансыздандыру ережелеріне және өлексемен жұмыс істеуге арналған. Атап айтқанда, ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жануарларды жансыздандыру мүмкін болатын жағдайлар айқылдалған. Одан бөлек, заң жобасында жекелеген санаттағы жануарларға қарау және асырау кезіндегі талаптар анықталған. Сондай-ақ осы саладағы қоғамдық бақылау институтына алаңдатушылық білдіретін азаматтармен және қоғамдық ұйымдармен қалыптастыру көзделген, — деді министр.

Заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды. Иттерді төбелестіру, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, оларға уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау әрекеттері жатады. Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын қабылдау барлық тіршілік иесіне адамгершілік пен ізгілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Бүгін біз жануарларды қорғау міндетін ғана шешіп қоймай, болашақ ұрпақ үшін вектор орнатамыз, — деді ведомство басшысы.