Басты бетЖаңалықтарҚырғызстанда құлаған...

Қырғызстанда құлаған ұшақ контрабандалық жүк тасымалдаған

Депутат Үкіметтің шындықты жасырып отырғанын алға тартуда. Апатқа ұшыраған әуе кемесінде ұялы телефон, тоқ шәйнек және өзге де ұсақ техника болған дейді Текебаев. Оның үстіне, «ACT Airlines» компаниясының өкілі депутаттың ресми сұрауына ұшақтың жүк түсіру үшін қонуы тиіс екенін айтыпты.

Естеріңізге салсақ, осы дүйсенбіде Гонконгтан шыққан «Боинг-747» ұшағы Манас әуежайының маңындағы саяжайға құлаған болатын. Салдарынан, үйлерінде жатқан 34 тұрғын мен 4 экипаж мүшесі қаза тапты. 17 үй толық қираған. Апат себептері енді «қара жәшіктер» тексерілген соң белгілі болмақ.

ДереккөзKtk.kz