Бейжің-2022: Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды

Медальдің бетінде Олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 жазуы жазылған.

Медальдің басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 деп жазылған, сондай-ақ бұлт және қар ұшқындарымен өрнектелген.

Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады.

Реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған.

«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті сонымен бірге Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін наградалар дизайнын да ұсынған.

Еске салайық, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері Қытай астанасы Бейжің қаласында өтеді.