Шымкентте карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиология жағдайы тұрақталғанға дейін ұзартылсын, — делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес, адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған. Ондай шараларды тек Ashyq жобасына қатысатын нысандарда және келушілерде «жасыл» статусы болған жағдайда ғана ұйымдастыруға рұқсат бар. Адам саны жағынан шектеуді де сақтау қажет.
65 жастан асқан адамдарға қалада көп жүрмеген жөн. Қоғамдық орындарда және автобуста, сонымен бірге далада бетперде кию режимі сақталады.
Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты 03.00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшылары таңғы сағат 05.00-ге дейін істей береді.
Қарбалас уақытта қоғамдық көліктердің санын арттырып отыру қажет.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқып шығуға болады.
