Басты бетЖаңалықтарШымкентте дәрігерлер...

Шымкентте дәрігерлер пандемия тұсындағы өтемақысын ала алмай жүр

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, о баста үкіметтен қыруар ақша төленеді делінген.

Жұмысқа қабылдар кезде сегіз жүз елу мың теңге деп айтылған. Одан жұмыс істеп жүргенде сегіз жүз елу мың қысқарды, төрт жүз жиырма бес мың теңге аласыңдар деді, – дейді Шымкент тұрғыны Ұлзада Жұманова.

Екінші тұрғын Әлімжан Құлбековтің айтуынша, 69 қызметкердің еңбекақыларын ала алмай жүргеніне бірнеше ай болған.

Ал емхананың бас дәрігері болса, коронавирус өршіген тұста қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы келіп, 100 орынға арналған инфекциялық аурухана бөлімшесі ретінде уақытша жұмыс жүргізуге бұйрық бергенін айтты. Оның айтуынша, аурухана бар-жоғы отыз күн жұмыс істеген.

Аурухана басшысы алғашқы айда 850 мың теңге төленсін деген министр бұйрығында келер айдың төлемі 425 мыңға төмендегенін қызметкерлерге түсіндіргенімен, санитарлер мен медбикелер бұған келіспеген екен.