Басты бетЖаңалықтарДенсаулық министрлігі...

Денсаулық министрлігі коронавирус бойынша 3 айға болжам жасады

Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиялық ахуал болжамын жаңартты. Атап айтқанда, пессимистік сценарий кезінде қарадағы орташа тәуліктің тіркелетін жағдайлар саны 1 800-ге дейін, ал желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді. Нақты сценарийге сәйкес, қарашада 1 650, желтоқсанда 1 600 жағдай тіркелуі ықтимал, − деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, оптимистік сценарий кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы қараша айында тәулігіне 1 500, ал желтоқсанда 1 100 болуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуін жалғастырып жатыр, − деді Алексей Цой.