2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың 28 ақпанына дейін Coca-Cola сусындарын сатып алған әр адам күміс түсті науқандық қақпағы бар литрлік бөтелкелермен Coca-Cola және IVI ұсынған кепілдендірілген жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысады. Науқанға көлемі 1 литр бөтелкедегі «Coca-Cola Classic», «Coca-Cola қантсыз», «Coca-Cola қантсыз Лимон-Лайм», «Fanta Апельсин», «Fanta Цитрус», «Fanta Апорта» және «Sprite Лимон-Лайм» сусындары тіркелген.
«Күзгі-қысқы маусымның басталуымен бәріміз күнделікті өмірді жарқын қылып, көңіл-күйімізді көтергіміз келеді. Биылғы жылы Coca-Cola компаниясы өзінің дәстүрлі қысқы промо-акциясын әдеттегіден ертерек бастап, сатып алушыларды жүлделермен және сыйлықтармен қуантуды жалғастыруда», — деп Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман науқанның басталуы туралы пікірін білдірді.
Компания өкілінің айтуынша, Coca-Cola-ның жаңа, енді ғана іске қосылған «Сиқырлы сәт» атты жарнамалық ұраны рухында күнделікті өмірдің бізді эмоционалды түрде қолдайтын және олардың көрінбейтін, тыныш сиқырымен көңіл-күйді көтеретін қысқа сәттерін көру және сезу ұсынылады: «Ол жақын адамдарыңызбен сапалы кино көруден, досыңыздан «Қалайсың?» деген қарапайым сұрақпен қоңырау шалудан ләззат алу болуы мүмкін. Жақын болу, бірге болу, осының барлығын сүйікті тәттілермен ұнайтын сусынмен толықтыру және дәл сол жерде және уақытта ләззат алу. Мелодрама кейіпкерлеріне жанашырлық таныту немесе комедияға бірге күлу, диванда отырып, кинотеатрға барып келгендей болу. Сондай-ақ жәй ғана жақын адамдарыңызға қоңырау шалу да көңіліңізді көтеруі мүмкін! Сондықтан балансыңыз әрқашан толық болуы керек, біз мұны ойластырып қойдық«.
«Александраның сөзіне және Coca-Cola-ның керемет ұранына қосылғым келеді. IVI жазылымы туыстарыңмен немесе өзіңмен өзің отырып, сүйікті сериалардарыңмен бірге кино көруге тағы бір себеп болады деп үміттенемін. Ең бастысы, сол сәттің сиқыры болуы керек, ал орын маңызды емес — біздің сервис барлық құрылғыда қолжетімді», — деп түсіндіреді IVI онлайн кинотеатрының Халықаралық даму жөніндегі директоры Артем Егоренков. — «Мен 100 000-нан астам фильм мен телехикаяның каталогында әр қолданушыға арналған шығарма табылатынына сенімдімін. Бірегей ұсыныстар жүйесі туынды таңдауда қиындыққа ұшырайтындарға көмектеседі. Мен сізді науқанға қатысуға шақырамын, өйткені жақын адамдармен, достармен фильм көруге ұлттық мерекелер, Халықаралық кино күні немесе Жаңа жыл секілді көптеген себеп бар».
IVI — бұл 100 мыңнан астам фильмдер, телехикаялар мен мультфильмдердің каталогы бар ТМД-дағы ең ірі онлайн-кинотеатр, оның ішінде қазақстандық киноның кең таңдауы, Голливудтың жетекші студияларының фильмдері, оның ішінде қазақ тілінде, суреттің максималды сапасы мен жарнамасыз. IVI жазылымын бір уақытта бес құрылғыда қосуға болады (смартфоннан планшетке, ноутбуктен Smart TV-ге дейін), сондықтан оны бүкіл отбасы пайдалана алады. Жазылым сізге офлайн режимінде көру үшін фильмді жүктеуге және кез келген ыңғайлы уақытта көруге мүмкіндік береді.
Науқанға қатысушылардың келесі жүлделердің бірін ұтып алуға кепілді мүмкіндігі бар:
- 3 айға IVI онлайн-кинотеатрына 50 миллионнан астам тегін жазылым;
- IVI онлайн-кинотеатрына 6 айға 2 200 000 тегін жазылым;
- IVI онлайн-кинотеатрына 12 айға 550 000 тегін жазылым;
- Мобильді теңгерімді толтыру үшін 100 теңге көлемінде 3,5 миллион жүлде;
- Ұялы теңгерімді толықтыруға 5000 теңге көлемінде 3000 сыйлық
- Бір миллион теңгеден бес ақшалай сыйлық!
Науқанға сусынның қақпағының астынадағы латын әліпбиінің сандарынан және/немесе әріптерінен тұратын кездейсоқ бірегей кодты төменде ұсынылған үш әдістің бірімен тіркеген, 18 жасқа толған Қазақстанның кез келген тұрғыны қатыса алады:
- Extrazone.com веб-сайтында тіркеу, осы жерде кодыңызды тіркеу туралы хабарлама аласыз.
- 3142 қысқа нөміріне коды бар SMS жіберуге болады, жауап ретінде телефон нөміріңізге кодтың тіркелгені туралы SMS аласыз.
- мессенджерде +77013450295 нөміріне қақпақ астындағы код жіберу арқылы. Жауап ретінде сіз боттан кодтың тіркелгені туралы хабарлама аласыз.
Маңызды ақпарат!
Күніне 20 кодтан артық тіркей алмайсыз. Extrazone.com сайтында кодтарды тіркеудің тәуліктік шегі — 10 әрекет, ал SMS пен бот арқылы — барлығы 10 әрекет.
Ақшалай жүлде ұтып алсаңыз, Coca-Cola компаниясының колл-орталығы сізбен байланысады, сондай-ақ келесі нөмір бойынша өзіңіз колл-орталыққа хабарласа аласыз: +7 8000 702011 (қоңырау шалу тегін) немесе +7 727 2506092 (тек Алматы тұрғындары үшін). Жүлдені алу үшін сізге мыналар қажет: ұтыс коды бар қалпақша; жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
IVI онлайн кинотеатрының ақысыз жазылымдарының бірін ұтып алғаннан кейін, сіз ivi.ru сайтындағы кодты пайдалануыңыз керек. IVI онлайн кинотеатрының IVI жазылымын активтендіру мерзімі — 31.03.2022 дейін.
Толығырақ ақпарат алу үшін Жедел желі бойынша қоңырау шалуға болады: + 7(727) 2506092 (Алматы қ. тұтынушылар үшін) және/немесе 8 8000702011 (қоңырау шалу тегін) немесе Extrazone.com сайтына немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақтарына кіріңіз.