«Алматы жылу жүйелері» ЖШС табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне жылу энергиясын өндіруші кәсіпорындардан тұтынушыларға беру тарифін өзгерту мәселесін қарау туралы өтініш берді. Өтініш беруге 2017 жылдан бастап енгізілген тарифтік лимиттер мерзімінің бітуі себеп болған.
Тағы бірі, өндірушілерден сатып алынатын жылу тарифінің көтерілуіне сәйкес «Нормативтік техникалық жоғалтулар» бабы бойынша шығындар өскен.
Өтінім нақты шығындар бойынша берілді. Салықтар, көлік шығындары, жалақы, сақтандыру, мемлекеттік қызметтер, еңбекті қорғау, іссапар шығындары, байланыс қызметтері, кеңес беру және аудит қызметтері бойынша көрсетіледі, − деді өтінім беруші компания.
Компания Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті шешім қабылдағанға дейін жылу тарифы көтерілмейтінін атап өтті. Шешім шығарушы комитеттің қорытындысы 30 күнтізбелік күннен кейін белгілі болады.