Алматыда коронавирус жұқтырған жасөпірімдер артты

Алматыда жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Шаһардың қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан мәліметтерге сенсек, балалар арасында коронавирус жұқтырғандар өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан.

Тоғыз айда 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3438 КВИ жағдайы тіркелген. 2020 жылдың есепті кезеңінде коронавирусты жұқтырудың 363 жағдайы тіркелген еді, – дейді басқарма өкілдері.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз