Бұған дейін Euronews телеарнасы Шавкат Мирзиеев жексенбіде өткен мемлекет басшысын сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша 90 процент дауыс жинап, қайта сайланғанын хабарлады.
Өзбекстан президенті сайлауының алдын ала қорытындылары белгілі болды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлағымыз келеді, – деді ОСК баспасөз хатшысы Жалолиддин Усманов.
Оның айтуынша, сайлаудың алдын ала қорытындыларын ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев дүйсенбіде сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00-де) жариялайды.
ОСК мәліметтері бойынша, сайлау учаскелері жабылған кезде 80,8 процент адам келген, яғни 16,037 миллион адам дауыс берген. Нақты мәліметтер бойынша, сайлауда 19,86 миллион сайлаушының дауыс беру құқығы болған.
Елде ресми жұмыс істейтін бес партияның барлығы – Экологиялық, «Миллий тикланиш» «Ұлттық жаңғыру», Либералдық-демократиялық (УзЛиДеП), Халықтық-демократиялық (НДПУ) және «Адолат» (әділдік) партиялары өз кандидаттарын тіркеді. Олардың арасында қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те бар. Сарапшылардың пікірінше, ол – жеңіске басты үміткерлердің бірі.
Айта кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өткізіледі. 2016 жылы 4 желтоқсанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті. Сайлауда премьер-министр қызметін атқарған Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті.