Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Гүлмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 гр болған, — делінген хабарламада.
Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға дайын.
Әкімдіктің хабарлауынша, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер.