Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,7 триллион теңге (кейінгі 12 айдағы өсім – 4%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 миллиард теңге (өсім – 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 миллиард теңгеге жетті.

2021 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,2 триллион теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 миллиард теңгеге немесе 57% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 917,4 миллиард теңге (кейінгі 12 айдағы өсім — 24%), МКЗЖ бойынша 41,2 миллиард теңге (өсім 17%), 496 миллион теңге (өсім 41%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейін 1 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті, нақтырақ айтқанда, 1% немесе 7 миллиард теңгеге артық. Ұлттық банктің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89%, ал инфляция 6,2% құрады. Бұл ретте кейінгі 12 айдағы кірістілік – 10,08% , осы кезеңдегі инфляция – 8,9% көрсетті.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 миллион бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 909 456 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар — 534 067 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 54 013 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 триллион теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 триллион теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 миллиард теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 миллиард теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 29,1 миллиард теңге, жерлеуге – 4,0 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,6 миллиард теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.