Қазақстанда санитарлық ережелер алынып тасталуы мүмкін

Жаңа жүйе енгізілген жағдайда қауіп-қатерлерді анықтау жұмысы аясында санитарлық қызмет тексеріс жүргізуді тоқтатпайды. Кәсіпкерге жарты жыл бұрын ескерту жасалады. Осы уақыт аралығында олар жөндеу жұмыстарын жасап, өз өнімін ретке келтіре алады.

«Бүгінде өндірістік бақылау енгізіле бастады. Соның негізінде біз санитарлық ережелерді мүлдем алып тастауды жоспарлап отырмыз. Себебі өндірістік бақылаудың арнайы бағдарламасы болады. Ол ХАССП (Hazard Analysis and Critical Control Point -қатерлерді талдау мен қауіпті салаларды анықтау) принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, әрбір өндіріс бойынша қауіп-қатерлер анықталады. Қазір бәрін типтік сипатта жасайтын кеңестер одағы емес қой. Сондықтан қауіп-қатерлерді анықтап,соның алдын алу шараларына негізгі басымдық беріледі», — дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбарсы- Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, осы уақытқа санитарлық ережелердің саны 700-ден 67-ге дейін азайған. Осылайша, аталған ережелер он есеге қысқарып отыр. Ал санитарлық ережелерде көрсетілген талаптардың саны алты жылдың ішінде 14 мыңнан 3,5 мыңға дейін азайды.

ДереккөзInform.kz