Бүгін Атырауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт іс-шара жастардың бойында гуманизм мен ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Біздің міндетіміз — жас ұрпақты жастайынан патриоттық рухта тәрбиелеу, онда еңбексүйгіштік пен білімге деген құштарлықты, адалдықты тәрбиелеу. Бұл қасиеттер ежелден халқымызға тән. Сондықтан барлық ата-аналар, барлық мұғалімдер балаларға лайықты үлгі болып, оларға ең жақсы қасиеттерді алуға көмектесуі керек», — деді А.Мамыт.